Еуропа

Сарапшылар Еуропарламент депуттары асығыстық танытқанын айтып отыр

Экспресс К

©AP/Jean-Francois BADIAS

Еуропарламент депутаттарының Қазақстанға қатысты қабылдаған қарарына отандық сарапшылар келіспейді.

20 қаңтарда Еуропарламент Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты қарарды қабылдады. Дауыс беру кезінде оны 671 депутаттың 589-ы қолдады. Осыған байланысты отандық сарапшылар өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Рустам БУРНАШЕВ Еуропарламент мұндай мәселелерді талқылағанда практикалық және прагматикалық емес, стереотиптік, идеологиялық және популистік көзқарастарды көбірек ұстанады деп есептейді.

"Еуропарламент — сайлау арқылы жасақталған құрылым. Ол жақтағы депутаттар белгілі бір электорат пен идеологиялық күштерді білдіретіні анық. Осыған байланысты олардың шешімдері мен мәлімдемелері негізінен сайлаушылардың қажеттіліктерімен де, осы құрылымдағы өз ұстанымдарын сақтау қажеттілігімен де байланысты", — деп түсіндіреді БУРНАШЕВ.

Рустам Бурнашев / ©ЭК/Андрей ХАЛИНРустам Бурнашев / ©ЭК/Андрей ХАЛИН
Рустам Бурнашев / ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Оның айтуынша, елімізде болып жатқан оқиғаларға Еуропарламенттің реакциясы күткеніндей шыққан. Дегенмен, еуропалық депутаттар бұл мәселені соншалықты тез қарастырады деп ойламаған. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өз жауабында қызметтік тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдауға жол берілмейді деп мәлімдеме жасауы өте орынды деп отыр.

Замир Каражанов / casp-geo.ruЗамир Каражанов / casp-geo.ru
Замир Каражанов / casp-geo.ru

Ал саясаттанушы Замир ҚАРАЖАНОВ та сот процесінің аяқталып, оның қорытындысын Қазақстанның жариялағанын күтіп, содан кейін қорытындылар мен мәлімдемелер жасаған дұрысырақ болар еді деп есептейді. Бұл ретте саясаттанушы Еуропарламент пен Еуропалық Одақтың басқа да құрылымдары үшін кейде ешқандай нәтиже күтпей-ақ тым асығыс қарар қабылдауы қалыпты жағдай деп отыр. Сонымен қатар, Еуропадағы посткеңестік кеңістіктегі елдерге қатысты біржақты стереотиптік көзқарас әлі де басым екенін айтты. Яғни олар бізді демократиялық институттары нашар дамыған мемлекеттер қатарына қосады (партиялар, БАҚ, кәсіподақ ұйымдары және т.б).

Көбіне Еуропада посткеңестік елдерді демократиялық құндылықтар шектелген деп қарастырады. Осыған сүйене отырып, олар кез келген жағдайды азаматтардың кейбір демократиялық құқықтары мен бостандықтары бұзылды деген көзқараспен бағалайды,

— деп атап өтті ҚАРАЖАНОВ.

Ол соңғы 30 жылда бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі режимдер өзгерді деп отыр. 90-жылдардың басындағы және қазіргі Қазақстанның арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Сондықтан жағдайға тереңірек үңілген дұрыс деп санайды.

Бұған дейін Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Еуропа парламенті Қазақстандағы жағдай бойынша қарарды асығыс қабылдағанын айтқанын жазғанбыз.

Кеше Еуропа депутаттарының Қазақстан шенеуніктеріне жаза қолдануды сұраған.

Ал кейін Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров