Букмекерлер енді тапқан ақшасын халықпен бөлісуге міндетті

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

"Қазақстан халқына" қорына міндетті түрде аударатын құрылымдардың қатарына букмекерлік кеңселер кірді.

"Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев жаңадан құрылған қайырымдылық ұйымының жұмысын таныстырды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бұл салық емес, бұл ерікті аударымдар. Қазір оларды негізінен ірі кәсіпкерлік субъектілері аударады. Салық заңнамасына сәйкес, егер ақша қайырымдылыққа жіберілсе, салық төлемдерін 3 пайызға дейін салық азайту қарастырылған. Сондықтан бұл аударымдар тауар бағасының өсуіне ешқандай әсер етпейді", — дейді Болат Жәмішев.

Дегенмен, кейбір құрылымдар қаражатты міндетті түрде аударады. Олардың арасында букмекерлік кеңселер бар.

Қор лотерея қызметінен, бәс тігу орталығынан және үкімет белгілейтін басқа да көздерден қаражат алады,

— деді ол.

Қор төрағасы қайырымдылыққа жеке тұлғалардың қатысуы тек ерікті түрде болуы керек екенін атап өтті.

Болат Жәмішев қордың кейбір тетіктерін де түсіндірді. Яғни, қор мұқтаж адамдарды тікелей іздемейді, өйткені бұл шығыны көп аппарат жұмысын қажет етеді. Сондықтан "Қазақстан халқына" қоры жұмыс істеп тұрған қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтастық орнатпақ.

Осындай істерді атқаратын қоғамдық бірлестіктер арқылы жұмыс істейміз. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктерді қамтамасыз етуге қордан ақша бөлінбейді. Қаржы бірден мұқтаж жандарға жетеді. Бүгінде 140 қоғамдық бірлестік арқылы өтініш қабылдап жатыр,

— деді қор төрағасы.

Жәмішев ақша көмек алушыларға тікелей түседі деп отыр. Ол дәнекерші қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге асырылмайды. Қордың кеңес мүшесіне өткен азаматтар ешқандай жалақы алмайды.

"Қазақстан халқы" қорының төрағасы қор бюджет қаражатынан артық көмек қажет болған жағдайда денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге атсалысатынын еске салды. Сонымен қатар, қордан қаржы елді қорғау кезінде немесе апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендерге берілетінін айтты.

Қордағы қаржы барлық проблеманы шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз басымдықтарды анықтауымыз керек. Қамқорлық кеңесінде біз қордың стратегиясын талқыладық,

— деді ол.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына бюджет қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуы қажет емес екенін айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров