Ақорда Абзал Құспанның қоғамдық комиссия құру бастамасын қолдады

Бек ТӨЛЕУОВ

©facebook.com/Абзал Құспан

Адвокат Абзал Құспан митингке қатысушыларға қатысты қоғамдық комиссия құратынын, оған Ақорда қарсы емес екенін айтты.

Митингке қатысып, зардап шеккендердің құқығын қорғау үшін қоғамдық комиссия құру керек деп жүрген белгілі адвокат Абзал Құспан мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қабылдауында болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әділдік талап еткен, араша сұраған ағайын! Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қариннің қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген,

— дейді Абзал Құспан.

Ол жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты деп отыр.

Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді. Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр,

— дейді адовкат.

Ол енді өзі комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас прокуратураға бара жатқанын айтты. Бұған ең бастысы Ақорда қарсы емес деп отыр.

Кеше адвокат митингке қатысушыларға қатысты құқық қорғау органдарындағы материалдар бойынша қоғамдық комиссия құруды ұсынған. Осыдан кейін мемлекеттік хатшы қабылдауына шақырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров