"Қаңтар трагедиясы" бойынша 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бек ТӨЛЕУОВ

Елдос Қилымжанов / © СЦК

Еліміздің Бас прокуратурасы елде болған жаппай ереуілге қатысты соңғы ресми мәліметті жария етті.

Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов "Қаңтар оқиғасы" бойынша қанша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бас прокуратура елімізде болған жағдайлардың себептерін анықтауды жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда жедел тергеу топтары 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның 45-і лаңкестік актілері, 36-ы жаппай тәртіпсіздік, 15-і адам өлтіру, қалғаны ұрлық, тонау, қаруды жымқыру және билік өкіліне қатысты күш қолдану деректеріне қатысты,

— деді Елдос Қилымжанов.

Осы істер бойынша 970 күдікті қамауға алынған. 182-і күзетпен ұстауға алынса, 29-ы үйқамақта. 464 адам — лаңкестік және жаппай тәртіпсіздік бойынша ұсталды.

Сонымен қатар 226 тұлға ұрлық, заңсыз қару сақтауған 60, тонау бойынша 21, қару жымқырған 39, бұзақылық бойынша 25 адам қамауға алынды,

— дейді Бас прокуратура өкілі.

Бұған дейін Президентке есеп берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 822 қылмыстық іс қозғалғанын мәлім еткен. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров