Дәстүр

Сәбиді ас үстіне отырғызды. Желіде балаға қатысты түсініксіз ырым шықты (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде кішкентай балаға қатысты түсініксіз ырымның видеосы пайда болды. Онда дастарханның екі шетінде отырған әйелдің сәбиді дастархан үстінде көтеріп ұстап тұрғанын көруге болады.

Бейнежазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео Facebook-те тарап кетті. Онда ас-ауқаты бар дастарханның екі шетінде екі әйел отырады. Олар екі қолдап қыз баланы дастархан үстінде ұстап тұрады. Бірі "Дені сау болсын, бақытты болсын. Балапанның бақытты балалық шағы болсын" деп тілек айтады. Видеодан кішкентай баланың астында ыдысқа салынған асты көруге болады.

Желідегілер "бұл қандай ырым?" деп дал болып, көбі астың киесі барын алға тартты.

"Бізде мұндай салт жоқ", "Не жасап отыр? Қайдан шыққан ырым бұл?", "Асыл дінімізде, салтымызда мұндай жоқ", "Кейінгілер қолдан жасап ала ма? Сәбиді астың үстіне отырғызғандары несі?" , "Естімеген елде көп", "Ас — адамның арқауы. Тамақтың үстіне отырғызып, не тілек айтып отырсыңдар?", "Тамақтың киесі ұрады ғой", "Ас ішетін үстелге баланы отырғыза ма? Шығармайтындары жоқ", "Адамдарға не болған?" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров