Жер асты дүмпу

Алматыдан 10 шақырым жерде 3,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Экспресс К

Pixabay

Жерасты дүмпуі 23 қаңтар күні сағат 16:01 шамасында болған.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зілзала 10 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстігінен 9,9 шақырым жерде, Алматы облысында орналасқан. Тербелістің энергетикалық класы 8,0, магнитудасы — 3,1,

— деп көрсетілген хабарламада.

Облыстық ТЖД-не жер сілкінісі туралы хабар келіп түскенде жергілікті атқарушы органдар, ПД, "Қазселденқорғау", прокуратура мен басқа да ұйымдар құлағдандырылды. Құтқарушылардың айтуынша, сеніп тапсырылған аймақтардағы жағдай анықталып, қирандылар мен адам шығыны туралы ақпарат түспеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров