Серік Күдебаев

Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаевтың қызметінен кеткені хабарланды

Ержан ШАЙЖАН

Серік Күдебаев 

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев қызметінен кетті.

Оның орнына кім келгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Михаил Казачков Telegram арнасы жазды. Онда Серік Күдебаевтың қызметінен кеткені туралы жазылған.

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысы ПД бастығы болып тағайындалған болатын. Ал оған дейін ол Алматы қаласын 7 жыл басқарған еді. Серік Күдебаев 1965 жылы 1 қаңтарда Алматы облысындағы Шиен ауылында дүниеге келген.

Серік Күдебаевтың орнына ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғали Заппаров келеді деген де нұсқа бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров