Үкімет Жангелдин ауданының атын Байтұрсынұлы етіп өзгертуге дайын

Бек ТӨЛЕУОВ

Әліби Жангелдин / Ахмет Байтұрсынұлы

Жангелдин ауданының атауын Ахмет Байтұрсынұлы ауданы деп өзгертуді жергілікті халық шешеді.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның есімін Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданына ауданына беруді ұсынған еді. Бұл сауалға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сіздер ұсынып отырған Жангелдин ауданының атын өзгерту, Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру мәселесі қоғамдық пікірге байланысты,

— дейді Ералы Тоғжанов.

Ералы Тоғжанов / © СЦКЕралы Тоғжанов / © СЦК
Ералы Тоғжанов / © СЦК

Яғни жергілікті халықпен, ауылдық округпен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлер кеңесімен талқылау жұмысы, кездесулер ұйымдастырылуы тиіс. Содан кейін заңнама талаптарына сәйкес іске асырылмақ.

Үкіметтің жауабынан түсінгеніміз — егер жергілікті халық пен ұйымдар қолдап жатса, аудан аты заңға сәйкес өзгеруі мүмкін.

Жалпы, Ералы Тоғжанов Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына (биыл) мемлекет тарапынан біраз іс-шаралар жоспарланғанын мәлім етті.

Атап айтсақ, туған ауылындағы үйді қалпына келтіріп, жәдігерлермен толықтырып, музей-үй етіп ашу жоспарлаған. Сондай-ақ Байтұрсын әулетінің қорымын қоршауын жаңарту, Қостанай облысының аумағында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешені салу жұмыстары жүзеге аспақ.

Түркияның Анкара қаласында, Ресейдің Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесі қарастырылған.

Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын түркі әлеміне насихаттау мақсатында ТҮРКСОЙ ұйымының, отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстамбұл қаласында дөңгелек үстел, фотокөрме ұйымдастыру, Түркістан қаласында халықаралық түркітанушылар конгресін өткізу, Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Баку қаласында "Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы" атты конференция, Орынбор және Ташкент қалаларында мерейтойға арналған іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса "Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат" деп мәлімдеген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров