Дикий Арман

Қайрат Нұртас пен Айнұр Тұрсынбаева «Дикий Арманның» әрекетін неге қайталады?

Экспресс К

instagram.com/_dikiy_arman

Көпшіліккке «Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің суретке көп жағдайда құрбандығын құрсауына алуға дайын жыртқышты бейнелеп түсетінін байқауға болады.

Қылмыс әлемінің серкесімен дос отандық эстрада жұлдыздары мен спортшылар да "Дикийдің" әрекетін қайталап, естелік суретке "қасқырдың қарымын" бейнелеп түсуді дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұмагелдиевтің ең сүйікті белгісі — арлан қасқырдың қарымы. Мұндай бейнені танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Арманмен бірге түскен суретінен де байқаймыз. Ақпарат құралдарында Жұмагелдиев пен ақынның жары Нұржан Иманәлиевтің жақын дос екені жазылған.

Қасқырдың қарымын бейнелеудің бастауы көне түркі мифологиясында жатыр. Бұл ишара әсіресе "Дикий Арман" тұратын Түркияда кең таралған.

Сонымен қатар, Жұмагелдиевтің кейбір суреттерінде "барыстың құрсауын" бейнелеп түсетінін атап өту керек. Оның достарының басым бөлігі көпшілік алдында Арманға құрметін білдіргенде осы белгіні көрсетеді. Мысалы, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Жұмагелдиевке сәлем жолдаған суретінде аталмыш белгі бейнеленген.

instagram.com/armandzhumageldievinstagram.com/armandzhumageldiev
instagram.com/armandzhumageldiev

"Барыстың құрсауын" бейнелеушілер арасында WBA super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик те бар. Украиналық былғары қолғап шебері суретке қазақи шапан мен қалпақ киіп түскен.

instagram.com/armandzhumageldievinstagram.com/armandzhumageldiev
instagram.com/armandzhumageldiev

"Дикий Арман" әлеуметтік желіде бұл белгілердің астарында не жатқанын ылғи айтып отырады. Оның пікірінше "барыс" — Қазақстанды, ал "қасқыр" — тұтас түркіні бейнелейді.

Бұған дейін Жұмагелдиевтің адвокаты қаңтардағы бүлікті ұйымдастыруға қатысы бар деген айыптың кімдерге тағылғанын жазды.

Сондай-ақ, Экспресс К Арманның ұлты қырғыз келіншегіне қандастары не жазғанын хабарлаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров