Бауыржан Байбек

Қызметі жойылған Бауыржан Байбектің билеген сәті видеоға түсіп қалды

Ержан ШАЙЖАН

©Коллаж ЭК/Андрей ХАЛИН/бейне кадр

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Онда шенеунік мерекелік кештердің бірінде бидің түбін түсіріп жатыр.

Бейнежазба қашан түсірілгені белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Бауыржан Байбектің видеосын журналист Серік Абас-шах өзінің Facebook парақшасында жариялады. Онда шенеуніктің мерекелік кеште билеп жатқанын көруге болады.

Бұл бейнежазбаның қашан және қайда түсірілгені әзірге белгісіз. Бірақ Байбектің биі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

"Нұр Отаннан, сары шарфтарынан құтылдым деп билеп жатқан шығар", "Өзі биші екен", "Ол да адам ғой, билесін, несі бар?!", "Құтырған, байыған шенеунік",

— деп жазды желі қолданушылары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекті қызметінен алып тастауды тапсырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров