Улану

Шымкентте орталықтағы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Шымкентте орталықтағы көпқабатты үйдің пәтерінен үш бірдей адамның мәйіті табылды. Марқұмдардың барлығы ересек адамдар.

Олардың бірі жедел жәрдем қызметіне хабарласып, көмек сұраған екен, деп хабарлайды Экспресс К.

30 қаңтар күні кешкі сағат 6-лар шамасында 42 жастағы әйел жедел жәрдем қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Өзін мазасыз сезініп отырғанын айтқан оған арнайы бригада шұғыл түрде көмекке шыққан. Бірақ айтылған мекенжайға келген ақ халаттыларға пәтер есігін ешкім ашпапты. Жедел жәрдем қызметіндегілер дереу Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару бөліміне хабарласқан.

Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі

"Жедел құтқару бөліміндегілерге "103" қызметіндегілерден Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесі бойындағы көпқабатты үйдің пәтерінің есігін ашу туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есікті бұзып ашты. Пәтер ішінен 1978, 1957 және 1979 жылы дүниеге келген үш адамның денесі табылды. Марқұмдардың нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", — деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров