Ата мен әже

84 жастағы ата алғашқы махаббатын ұмытпаған (видео)

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Қалжыңқой немересі атасының видеосын "апама көрсетпеймін" деп, әлеуметтік желіге жариялап жіберіпті.

Қазір бұл бейнежазба әлеуметтік желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ата, алғашқы махаббатыңыз кім?" деп сұрайды немересі. Қария сәл ойланып "Орынша" деп жауап берді. Оған мәз болған видео авторы "апама көрсетем" деп қалжыңдайды.

"Байсалды, салиқалы, жүзі жылы ата екен", "Көзі жылт, жүрегі лүп ете қалды ғой атамның. Тәтті сезім жүгіріп өтті-ау бойынан", "Сұрақ қойылғанда атаның көзінен бір жылу көрінді",

—деп жазды желі қолданушылары.

Алғашқы махаббаттың жөні бөлек екенін айтып жатқандар да бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров