Қылмыс әлемінің серкесі

Қылмыс әлемінің серкесі ұсталды. Дикий Арманмен байланысы болуы мүмкін (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

 instagram.com/_dikiy_arman_

Мәскеуде қылмыс әлемінің серкесі, Қазақстанның криминалды авторитеті Айтқали Маймышев ұсталды.

63 жастағы "вор в законе" қонақ үйлердің бірінен қолға түсіп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

Прайм Крайм ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейдің жедел іздестіру тобы мен арнайы жасақ Маймышевті "Измайлово Альфа" қонақ үйінен ұстаған. Тексеру барысында криминалды авторитеттен метадон табылыпты. Оның Мәскеуге екі күн бұрын таулы Алтай өңірінен ұшып келгені анықталды.

Айтқали Маймышев Қазақстанның криминалды авторитеті. Қылмыс әлемінде "Леха Маймыш", "Леха Семипалатинский" деген лақап атпен таныс. Қазақстандағы үш "вордың" ең үлкені. Одан кейін "вор в законе" қатарында Серік Жаманаевтың, яғни, "Серік-Голова" мен Самарқан Шамыровтың аты аталады.

Маймышев Айтқали Мұқашұлы. 1958 жылы 10 сәуірде дүниеге келгенмін. Лақап атым Леха Семипалатинский. Бұрын түрлі қылмыспен сотты болғанмын. Қайсібірін айтайын. Жалпы барлық бағытқа Мәскеу арқылы ұшады ғой. Мұнда келудегі мақсаттың бірі сол,

—дейді ол тергеу барысында.

Дереккөзге сүйенсек, Леха Маймыштың аяқ асты ұсталуын Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікпен байланыстырады. Өйткені ол қылмыс әлемінде біраз жұртқа аты таныс Дикий Арманға қамқорлық көрсетуі мүмкін деген сыбыс бар.

63 жастағы Айтқали Маймышев бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап сотты болды. Өмірінің 20 жылын түрлі колонияда өткізген ол 1997 жылы Мәскеу қаласында "вор в законе" атанған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров