Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов депуттарға: "Сыпайы сұрақтарға, сыпайы жауаптар болды ғой"

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Ерлан Қошанов

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы - Мәжілістің отырысы алғаш рет жаңа спикер Ерлан Қошановтың төрағалығымен өтті.

Мәжілістің жаңа сайланған басшысының айтуынша, депутаттар жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуі керек, деп хабарлайды Экспресс К.

"Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Мүмкін, халықпен кездесу форматын қайта қарау керек шығар. Жұрттың мұң-мұқтажын біліп, олардың көкейкесті проблемаларын шешуге бағытталған заңдар қабылдау үшін сайлаушылармен жиірек кездесуіміз керек", — деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, енді депутаттар азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен және өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланыста болады.

Бүгін Мәжіліске Ауыл шаруашылығы министрі келіп отыр. Сыпайы сұрақтар қойылып, сыпайы жауаптар берілді. Дегенмен бұл салаға сын көп. Министрліктегі жемқорлық, әсіресе, субсидия бөлу мәселесі өзекті. Осылардың бәріне заңмен тосқауыл қою керек,

— деді Мәжіліс спикері.

Еске салсақ, Мәжілістің спикері Ерлан Қошанов 10 жылға жуық төраға болған Нұрлан Нығматулиннің орнына келді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров