Шоу-бизнес
Қайрат Нұртастың інісі 9 жыл кездескен сүйіктісін көрсетті (видео)


instagram.com/zangaar
Миллион қыздың арманына айналған әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңгар Нұртас жақында бойдақтықпен қош айтысып, шаңырақ көтермек.
Заңғар күні кеше ғана тоғыз жыл жүрген ғашығын мейрамханаға шақырып, ата-анасымен таныстырды, деп хабарлайды Экспресс К.
Сол қуанышты кештен түсірілген видеоны Қайраттың інісі өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары болашақ жарының "сұлу" екенін айтып, тілектерін жаудырды.
Бақытты болыңдар. Әдемі қыз екен. Екінші келініне ұқсайды. Қыздан жігіт жас көрінеді,
Ал Заңғар болса оқырмандардың сөзіне күліп былай жауап қатты.
Маймылдан сәл әдемі. Өзі инабатты, тәрбиелі қыз.


instagram.com/zangaar
Әзірге Заңғардың болашақ жарының есімі белгісіз. Экспресс К бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың күйеуінің тапқан ақшасымен шалқып жүргенін жазған.
Бөлісу