Нұр-Сұлтандық таксист қыздармен жыныстық қатынасын видеоға түсірген

Экспресс К

elements.envato.com

Елордадағы такси жүргізушілерінің бірі порноколлекция жинап алғанын айтады. Өйткені, оның көлігінде жолды да, көлік ішін де видеоға түсіріп тұратын бейнежазба құралы бар.

Жаңа көлік алып, такси қызметін ұсынатын Алмаздың айтуынша, жүргізуші үшін ең керегі жақсы бейнежазба құралы, деп хабарлайды Экспресс К.

Мен заң бұзбаймын. Ал, такси іші қоғамдық көлік сияқты бейнебақылауда болуы керек. Камера жасырын емес, адамға көрінетін жерде тұр,

— дейді ол.

Бірнеше жыл бұрын зейнеткер таксист ішімдік ішкен үш қызды көлігіне мінгізген. Олар қарт кісіге түні бойы қала ішінде тегін алып жүресің деп бұйрық берген. Әйтпегенде, бойжеткендер "бізді зорлады" деп үлкен адамның үстінен арыз жазбақ болған.

Міне, осы жағдайды естіген соң, өзімді өзім сақтандырайын деп шештім. Қазір бейтаныс арулардың қылығын камераға жазып отырамын. Әрине, жазбаларды ешқайда жібермеймін. Арасында өзім қарап тұрамын,

— дейді жүргізуші.

Солай бола тұра, ер адам көлігіне мінген қыз-келіншектерге ешқашан өзім тиіспеймін дейді.

Көбінесе, олар күйеуін не жігітін жамандайды. Олардың ойын бірден түсіне қоямын. Бір әйел күйеуімен төсек қатынасында 10 жыл бойы ләззат ала алмай жүргенін айтты. Әрине, оны бекер айтып отырған жоқ қой,

— дейді ол.

Оның айтуынша, кейбір қыз-келіншектер тіпті оны үйіне шақырып, қонақ етуге де асығады екен.

Мен жиырмадан астам жазбаны құпия сөзбен бекітіп, сақтап қойғанмын. Көбінесе, жолақы үшін мені ләззатпен қанағаттандырады. Әрине, олар ары қарай мейрамханаға апар дейді, қонақ үйге барайық дейді. Алайда, мен бас тартамын,

— дейді такси жүргізушісі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров