Футбол

Жақсыбеков Федерациядан кетеді. Үміткерлер арасында Әділет Назарбайұлы бар

Бек ТӨЛЕУОВ

Әділбек Жақсыбеков/Әділет Назарбайұлы

28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланады.

Алдағы 28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Футбол инсайдері Айдын Қожахмет бірнеше жылдан бері Қазақстан футбол федерациясын басқарып отырған Әділбек Жақсыбековтің орнынан кететінін айтты.

28 ақпанда футбол федерациясының жаңа президенті сайланады. Әділбек Жақсыбеков қызметімен қоштасады. Осы жаңалық тіпті федерацияның өзінде де айтылып жүр,

— дейді Айдын Қожахмет.

Футбол федерациясының президенті болу үшін үміткерлерді аймақтық федерациялар ұсыну керек. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясынан бұрынғы футболшы, жақында Nur Otan партиясының саяси кеңесіне кірген Давид Лория ұсынылған. Ал Қарағанды Әділет Назарбайұлы Барменқұловты лайық көреді. Ол "Kazakhmys Smelting" ЖШС-ның бас директоры. "Шахтер" футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбек те әлеуметтік желіде өзін жарнамалай бастады.

Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын екі рет басқарған. Ең алғаш 2007-2014 жылдары тізгінді ұстады. Одан кейін 2018 жылы қайтадан президент болып сайланған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров