Түрме
Ақтөбелік тұрғын телефонды бананға жасырып түрмеге өткізбек болды


Ақтөбе облыстық ҚАЖД
Ақтөбе Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде бананның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон мен SIM-картасын тәркіледі.
Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Тыйым салынған заттарды 29 жасар қала тұрғыны абақтыда "жалған кәсіппен айналысты" деген айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына бананның ішіне жасырып, бермек болған.


Ақтөбе облыстық ҚАЖД
Азамат өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791,795-баптары бойынша хаттама толтырылды. Іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды,
Бөлісу