Шоу-бизнес
Марат Омаров АҚШ-тағы қазақтардың басын қосты (видео)


instagram.com/marat_omarov_kz
Танымал әнші, сазгер Марат Омаров АҚШ-та тойдың көркін қыздырып жүр.
Жақында ол Калифорния штатында тұратын қазақтармен кездесу кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қуанышты кештен түсірілген видеоны әнші Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбадан қарапайым кештің нағыз қазақтың тойына айналып кеткенін байқауға болады. Әншінің хит әндері қаны да, жаны да қазақ жерлестерімізді бір орнында отырғыза қоймаған.


instagram.com/marat_omarov_kz
Омаровты ән сапарға Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан. Ол Нью-Йорк, Филадельфия, Чикаго, Голливуд, Майами, Сан-Франциско, Сан-Диего, Хьюстон, Нью-Джерси штаттарында жеке кешін берді. Қазір әнші отбасымен бірге әлі сол елде жүр.
Бөлісу