Марафон

Французға тұрмысқа шыққан қазақ қызы марафонға жүгіруден чемпион атанды

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com/altayathletics

Француз спортшысына тұрмысқа шыққан қазақ қызы Жанна Мамажанова жеңісімен қуантты.

Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова Францияның Салон-де-Прованс қаласында өткен 10 шақырымдық марафонда жеңіске жетті, деп хабарлайды

instagram.com/altayathleticsinstagram.com/altayathletics
instagram.com/altayathletics

Марафонда Мамажановаға ешкім тең келген жоқ. Ол аталған шақырымды 33 минут 56 секундта жүгіріп өткен.

Бұл Мамажанованың биылғы маусымдағы алғашқы жеңістерінің бірі.

Айта кетсек, жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жанна Мамажанова былтырғы жылы француз жігіті Марко Туриге тұрмысқа шыққан.

instagram.com / marcoturi85instagram.com / marcoturi85
instagram.com / marcoturi85

Марко Тури де спортшы. Ол 10 мың шақырымға жүгіруден Францияның үш дүркін чемпионы. Екеуі халықаралық жарыстарға бірге қатысқан. Сондай марафондардың бірінде танысқанын әлеуметтік желіде жазған болатын.

Жүрегім ештеңеге қарамастан сүю үшін осы адамды таңдады. Мен сені сүйемін,

— деп жазған болатын қазақ қызы әлеуметтік желіде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров