Бақытгүл Хаменова

Істі болып жатқан Бақытгүл Хаменова жұмыстан шығарылмаған

Фархат ӘБІЛОВ

facebook.com/Бақытгүл Хаменова

Пара алды деген күдікпен тергеу абақтысына қамалған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жұмыстан шығарылмаған.

Тіпті әкімдіктің іс-құжаттарында оның аты-жөні әлі жазылып тұр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бақытгүл Хаменова жұмыстан шығарылған жоқ. Ол жұмыстан кету туралы арыз жазуы керек немесе сот үкімі шығу керек,

— дейді ЭК тілшісіне облыстық әкімдіктегілер.

ЭК осыған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеу ісіне араласып, өзге адамдарға әсер етуі мүмкін деген қауіппен тергеу қапасына қамау туралы шешім шығарды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров