Мола

Жаназалары оқылмаған. Іздеушісі жоқтардың моласы туралы сұмдық деректер

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Қызылордада іздеушісі жоқ марқұмдар ұзындығы небәрі бір жарым метр, тереңдігі тізеден аспайтын бейітке жерленеді.

Экспресс К тілшісі белгісіз адамдардың бейітіне барып, марқұмдардың қалай жерленгенін көрді.

Қала шетіндегі орталық қорымда 2020 жылдан бері қайтыс болған 30 шақты марқұм жерленген. Олардың моласының айналасы ашық-шашық, қоршау салынбаған. Және қоқысқа толып жатыр.

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ
©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Тек төмпешік болып жатқан бейіттердің бірнешеуіне белгі ретінде жазуы бар тақтайшалар қойылған. Онда іздеушісі жоқ марқұмдар жайлы аз-кем ақпарат бар. Сонымен қоса, ер немесе әйел адам екендері жазылып, нөмірленген. Ал басым көпшілігінде мұндай тақтайша мүлде жоқ.

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ
©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Біз барғанымызда қорымдар арасында қазылып қойған екі қабір болды. Олар өте таяз қазылған. Ал ұзындығы шамамен бір жарым метрдей болады. Соған қарағанда мұнда мүрделерді сыймаса да, бүктеп жерлей салатын сияқты.

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ
©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Өте таяз қазылған қабірдегі мәйіттер аң-құстың жемтігіне айналары анық. Өйткені сол маңда кездейсоқ азық таппай, тіміскіленіп жүрген шибөрі көзімізге түсті. Фото түсіріп те үлгердік.

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ
©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бұл жерге белгісіздердің мүрделерін мәйітхана қызметкерлері алып келеді екен. Ал оны жеке жерлеу бюросының жұмысшылары көмеді. Сол маңда жүрген жұмысшылардың бірімен сөйлесіп көрдік. Оның айтуынша іздеушісі жоқ марқұмдардың жаназалары шығарылмай, жерленеді екен.

Осында жұмыс істейміз. Бізге алып келеді. Алдын ала қазып қойған жерге көме саламыз. Өйткені, біз жаназа шығаратын молда емеспіз. Бірақ, қабірді барынша терең қазуға тырысамыз.

дейді қабір қазушы

Жерленген қаңғыбастардың кейде іздеушілері артынан табылып жатады. Туыстары олардың бейіттерін қоршап, құран бағыштап келіп-кетіп жатады дейді қабір қазушы.

Бұған дейін Қызылордада жоғалып кеткен баласын 40 күн өткен соң қаңғыбастардың бейітінен тапқан ананың жанайқайын жазған болатынбыз. Тұрғын 34 жастағы ұлын итті көмгендей көме салды деп налыған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров