Мола

Әкесінің бейіт басына барып, күнделігін көрсеткен оқушы көпті жылатты (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Әкесі жерленген мазаратқа барып, күнделігіндегі бағаларды көрсеткен балалар көптің жүрегін елжіретті.

Баланың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Instagram-да тараған бейнежазбада "Қайтыс болған әкесіне күнделіктерін көрсетіп жатыр" деп жазылған. Онда мазаратқа келген балалар мектеп күнделігін парақтап, бағаларын көрсетеді.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ұл мен қыздың бұл әрекеті ерекше әсер қалдырғанын айтып, тіпті көздеріне жас алғандарын жазды.

"Әкесі иманды болсын. Анасы осы екі баласының қызықтарын көрсін", "Сағыныш қой әкеге деген. Әкең мақтанатындай азамат бол", "Жүрегім ауырып кетті ғой", "Көзіме жас келді... Балалар аман болсын", "Әкелеріңнің жатқан жері жайлы болсын", "Иманды болсын, ұрпағы иманды болып өссін" деп жазды желідегілер. Ал енді бірі мазаратта фото, видеотүсірілім жасауға болмайтынын және бұл балалардың психикасын бұзатынын алға тартты.

Пікір қалдырғандардың бірі марқұм қасіретті қаңтар оқиғасында қаза болған деп жазды. Алайда бейіт басына қойылған тақтайшада марқұмның 2017 жылдың мамыр айында дүниеден озғаны жазылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров