Жол апаты

Автосақтандыру: өтемақыны енді полиция және сотсыз алуға болады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

iStock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі автосақтандыру саласында болатын өзгерістер туралы айтты.

Агенттіктің хабарынша, Қазақстанда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі, яғни Еурохаттама енгізіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазіргі кезде Еуропа елдері мен Ресей, Армения, Өзбекстан сияқты бірқатар елдерінде Еурохаттама енгізілген. Оған сәйкес, жол-көлік оқиғасы туралы құжаттар жеңілдетілген түрде ресімделеді, яғни көлігіңізді соғып алсаңыз, құжаттарды жол полициясының қызметкерлерін қатыстырмай және сот шешімін күтпей рәсімдеуге болады.

Мәселен жол апатынан адам зардап шекпеген немесе көлікке қатты зиян келмеген оқиғалар тіркеледі. Міне сондай кезде көлік иесі сақтандыру төлемін алу үшін полиция өкілдерінің келуін күтеді, кейін хаттамалар толтырады, содан барып сот шешімін күтеді. Көбіне мұндай процесс 2 айға созылып кетеді.

Осының бәрін ескеріп, Қазақстанда Еурохаттама енгізілді, ол келесі жағдайда қолданылады:

  • Жолда екі көлік соқтығысады;
  • Авариядан тек осы екі адамның көлігіне зиян келеді (ешкімнің өмірі мен денсаулығына зиян келмей, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпеуі қажет);
  • Осы екі адамда сақтандыру полисі болуы тиіс;
  • Соқтығысқан екі адамның бір-біріне наразылығы болмауы керек;
  • Жол-көлік оқиғасы сот шешімінсіз және полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз рәсімделеді;
  • Сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК (306 мың теңге) көлемінде төленеді.

Егер зардап шеккен екі адам осы шарттарға келіссе, онда олардың сақтандыру төлемі айтарлықтай тез беріледі. Себебі жол-көлік оқиғасы Бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы рәсімделеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров