"Майнерлер кінәлі". Министр елдегі электр энергиясына қатысты мәселені айтты


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Еліміздің Энергетика министрі Болат Ақшолақов "Қазақстандағы электр энергетикасы мәселелері" туралы айта отырып, отандық майнерлерді тәртіпке салатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, майнингке арналған бір жабдыққа 3 бөлмелі пәтерге кететін электр энергиясынан 8 есе көп жаратылады, деп хабарлайды Экспресс К.
"Еліміздің энергия жүйесіне ең жоғары жүктеме екі жағдайда түседі: біріншісі энергия өндіретін ұйымдар аварияға немесе жөндеуге тоқтаған кезде, екіншісі қуат күштеріне майнерлер қосылғанда. Криптовалюта өндіретін адамдардың жабдықтары тәулік бойы жұмыс істейді. Мәселен кей құрылғылар 2,5-3 кВт/сағат тұтынады. Бұл 3 бөлмелі пәтерге кететін қуаттан 8 есе көп. Ал елімізде майнерлік жабдықтың саны онмыңдап есептеледі", — деді министр.


Оның айтуынша, Қазақстандағы майнинг саласы заң тұрғысынан да, салық салу жағынан да мүлдем реттелмеген.
Биыл майнерлерге қатысты заң жобасы әзірленеді. Ресми түрде тіркелген "ақ" майнерлер 1 кВт/сағатқа 1 теңге салық төлейді. Ал "сұр" және "қара" майнерлер электр күштеріне заңсыз қосылып алғанынан бөлек, ешқандай салық төлемейді. Осының бәрін реттейміз
Энергетика министрлігі бұған дейін Жамбыл облысындағы жарықтың өшуіне майнерлер кінәлі екенін айтқан еді.
Бөлісу