Қасқыр

Аңшылар асырап алған қасқырды далаға жібере салды (видео)

Жанкелді ҚАРЖАН

Видеодан кадр

Қасқырды бөлтірік кезінен бағып, өскен соң еркіндікке жібергендер желіде талқыға түсті. Әзірге олардың кім екені нақты белгісіз.

Бөлтірік бағып, есейген соң оны түзге жіберген аңшылардың әрекетін көпшілік сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде түз тағысын көліктен шығарып, далаға жіберіп жатқандар туралы бейнежазба тарады. Бұл оқиғаның еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Көпшілік Қызылорда облысында болғанын жазып жатыр.

"Жолың болсын, арлан! Бара ғой, кете бер" дейді қасқырды көліктің жүксалғышынан шығарған белгісіз адам.

Сексеуіл арасына кіріп, артына бұрылмастан даланы бетке алып жортып кеткен қасқырдың даланы жатсынбауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі "қасқырды еркіндікке жібергендерің дұрыс болды" десе, екіншісі "қолға үйрегенген қасқыр қайтып келеді" деп пікір қалдырған. "Қолда өскен қасқыр далада өмір сүре алмайды", "дұрыс істедіңдер", "біреу атып алады ғой" деген сыңайда қолдау білдіргендер де бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров