Ринат Заитов

Ринат Зайытовтың Қытайдағы әжесінің Мәсімовке туыстығы бар ма?

Бек ТӨЛЕУОВ

Ринат Зайытов / Кәрім Мәсімов

Танымал айтыскер ақын Кәрім Мәсімовпен туыстығы бар дегендерге жауап берді.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры, айтыскер ақын Ринат Зайытовтың үстінен домалақ арыз жазатындар көп екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақын Aitys_masa арнасына берген сұхбатында күн сайын Мәдениет және спорт министрлігіне Ринат Зайытовты жұмыстан шығару керек деп арыз жазатындар барын айтты. Сондай арыздардың бірін оқып берді.

"Аса құрметті Ақтоты Рахметоллақызы (бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова — тілші), елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға байланысты қабырғам қайысып, қолыма қалам алып отырмын. Ел басына күн туғанда ақын Ринат Зайытовтың Facebook-тегі парақшасында Маңғыстау халқына су бүркіп, билікке қарсы агитация жасаған өлеңін оқып, таң қалдым. Оның сепартистік пыйғылы жүйкемді күйзелтті. Анасы ұйғыр. Меніңше, Ринат Зайытов театр директорына лайық. Оның бұлай халықты билікке қарсы қоюы бірінші рет емес. Сондықтан шара қабылдауыңызды сұраймын", — делінген хатта.

Ол осыған ұқсас мазмұндағы хаттар күніне бір рет келеді деп отыр.

Нақты бұл кісіге айтарым — аға ақпаратты дұрыс жинаңыз. Менің анам емес, әжем ұйғыр,

— деді ақын.

Ринат Заитов/Видеодан кадрРинат Заитов/Видеодан кадр
Ринат Заитов/Видеодан кадр

Сосын ол Кәрім Мәсімовпен туыстық қарым-қатынасы бар дегендерге жауап берді.

Кәрім Мәсімовпен туыстық қарым-қатынасы жоқ деп анықтама қағазын алып келейін бе? Қытайдағы ұйғыр әжем қайтыс болып кеткен,

— деді Ринат Зайытов.

Бұған дейін Ринат Заитовтың Ақберген Елгезектің туған күнінде оқыған өлеңінің видеосы тарағанын жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров