Шоу-бизнес

Томиристі сомдаған актриса бұлаңдаған биімен елді тағы шулатты (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram

Сақ патшайымы Томиристің рөлін сомдап, жұртқа танымал болған актриса Альмира Тұрсын тағы да сынға қалды.

Актриса бұл жолы бұлаңдаған биін Instagram желісіне жүктеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Tik-tok желісінің трендімен билегенді ұнатпаймын. Бірақ құрбым екеуіміз өзіміздің трекке биледік,

— деп жазды Альмира Тұрсын.

Желіде бұл биге қатысты небір сыни пікірлер жазылып жатыр.

"Осының биін көріп диваннан жерге құладым", "Томирис патшайымнан ұят болды-ау", "Билемей-ақ қойсын деп айтыңызшы", "Осыған да естен тала ма?"

— деген пікірлер көп.

Бұған дейін актриса теңіз жағасында жартылай жалаңаш жатқан суретін жариялап, елді шулатқан.

Осыған дейін Ақан Сатаевтың жарыққа шыққан "Боксшы" фильмінде Альмира Тұрсынның сценарийге жазуға көмектесіп, 11,5 миллион теңге қаржы тапқаны белгілі болды.

Сонымен қатар 49 жасында ажырасқан режиссер Ақан Сатаев Альмира Тұрсынмен "ортақ нәрсе көп" екенін айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров