Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаевтың бомж шөбересімін деген кісі елді алдап жүр ме?

Ержан ШАЙЖАН

Бекмұрат Жамбылов/Видеодан кадр / Жамбыл Жабаев

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шөбересімін деген Бекмұрат Жамбылов оның тікелей ұрпағы болмай шықты. Бұл туралы редакциямызға аңыз тұлғаның шөпшегі Данияр Сырымбетұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бекмұрат Жамбылов Жамылдың атын пайдаланып, осы уақытқа дейін бірнеше үй жасаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Экспресс К бұған дейін Жамбыл Жабаевтың шөбересіне қатысты материал жазған болатын. Онда Жамбылдың тікелей ұрпағымын деген Бекмұрат Жамбылов өзінің үйсіз-күйсіз жүргенін айтып, шағымданған еді. Бірақ арада бірнеше күн өткен соң Жамбылдың өзге ұрпақтары редакциямызға хабарласып, материалдағы ер адамның Жамбыл Жабаевқа ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ол аңыз адамның атын пайдаланып жүр.

"Бекмұрат Жамбыловтың біздің атамызға ешқандай қатысы жоқ. Жамбыл өзі төрт ағайынды болған. Қоман деген туған ағасы қайтыс болғанда, оның жесірін Жамбыл әмеңгерлікпен алған. Ол кезде Бекмұраттың әкесі Әлімқұл 4 жаста болыпты. Міне Бекмұрат содан тарайды. Ал бәйбішеден туған бізбіз. Қазір Жамбылдың ұрпағы бомж боп кетіпті деген әңгіме тарап жатыр. Ол –өтірік. Өйткені Бекмұрат Жамбыл атамыздың атын пайдаланып осы уақытқа дейін 3 үй жасады. Жағдайым нашар, көмек керек деген сөздерінің барлығы жалған. Осы әңгімесі біздің намысымызға тиіп жатыр", — дейді Данияр Сырымбетұлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров