Көкпар

Әбдіжаппар Әлқожа 20 мың адамды жинап көкпар берді (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

Видеодан кадр

Танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының сүндетін тойын дүркіретіп жасады.

Әнші Шымкентте халықты жинап, көкпар берді, деп хабарлайды Экспресс К.

22 ақпанда әнші екі ұлының сүндет тойына көкпар өткізген. Желіде тараған фото-видеолардан байқағанымыз қатысқан адамда есеп жоқ. Кейбіреулер 20 мыңға жуық адам жиналғанын жазып жатыр.

Айта кетейік, 30 жастағы әншінің төрт баласы бар. Көкпардан кейін Әбдіжаппар тойды мейрамханада жалғастырған. Оған қазақ өнеріндегі біраз жұлдыздар жиналған. Арасында Тұрсынбек Қабатов, Нұржан Төлендиев, Зәттібек Көпбосынов т.б жұлдыздар жүр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров