Аспаз

Қазақтар тойға акула сойды (видео)

Фархат ӘБІЛОВ

Бағдат Қадыров / Видеодан кадр

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының сүндет тойына келген қонақтарға бұқтырылған акула етінен ас ұсынды.

Әнші теңіз жануарын Ресейден тапсырыcпен алдырған, деп хабарлайды Экспресс К.

22 ақпанда Әбдіжаппар Әлқожа екі ұлының сүндет тойын Жетісайда дүркіретіп өткізді. Күндіз 30 мың адам жиналған көкпар ұйымдастырылып, кешке 1000 адамға той жасалды. Тойда белгілі аспаз Бағдат Қадыров акуланың етін бұқтырып, қонақтарға ұсынған. Экзотикалық астан өнер адамдары ауыз тиді.

Бағдат Қадыров

— Той иесі белгілі өнер адамы Әбдіжаппар Әлқожа акуланы Ресейден арнайы тапсырып алдырды. Бір ғана акула әкелді, салмағы — 3 килограмм. Оны бүтіндей бұқтырып, шоу жасап, қонақтарға ұсындық. Әдетте балықты бұқтырған сияқты пісіріледі, ешқандай қиындық жоқ. — деді ЭК тілшісіне аспаз Бағдат Қадыров.

Бағдаттың айтуынша, ол өмірінде үш рет акула етінен тамақ істеген. Осыған дейін Алматыдағы атақты адамның тойына да осындай экзотикалық ас ұсынған. Демек акула — бай-бағландардың сүйікті асы.

ЭК осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожаның ұлдарының сүндет тойын дүркіретіп жасағанын хабарлаған болатын. Еске сала кетсек, Бағдат Қадыров ЭК тілшісіне сұхбат беріп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ас дайындағанын айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров