Қазақ келіні

Қазақ жігіттерінің бағын ашқан өзге ұлттың қыздары кімдер?

Лаура БИҒАЛИ

tiktok.com/@lia.appakkelin/instagram.com/mukhanova_lyuba/instagram.com/rummariya

Махаббат ұлтқа қарамайды. Осындай қағиданы берік ұстанатын қазақ жігіттері жетерлік.

Экспресс К бүгінде қазақ шаңырағының түтініп түтетіп отырған өзге ұлттың келіндеріне тоқталмақ.

Мәрия мен Бақытжан / instagram.com/rummariyaМәрия мен Бақытжан / instagram.com/rummariya
Мәрия мен Бақытжан / instagram.com/rummariya

Бұл Мәрия. Орыстың қызы қазақтың қара домалақ жігіті Бақытжанмен мектеп бітіру кешінде танысқан. Кейін олардың достығы, махаббатқа ұласады. Жігіттің ата-анасы Мәрияны бірден ұнатып оны Маша деп еркелетіп кеткен. Ол қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанады. Мәрия мен Бақытжан Instagram-дағы танымал жұптардың бірі. Жас жұбайлар қазір екі бала тәрбиелеп отыр.

Лия / @lia.appakkelinЛия / @lia.appakkelin
Лия / @lia.appakkelin

Жұрт Лияны Tik-Tok арқылы жақсы таниды. Лияның ұлты афро-америкалық. Ол жақында қазақ отбасына келін болып түскен. Лия күнде таңертең ерте тұрып аула сыпырып, енесіне шәй демдейді. Ол енесінен қазақ салт-дәстүрін үйреніп жүр. Лия өзін "қазақтың аппақ келіні" деп атайды. Желіде 45 мыңға жуық оқырманы бар.

Анжела және АрманАнжела және Арман
Анжела және Арман

Биыл Арман және Анжеланың отау құрғанына 13 жыл толды. Анжеланың ұлтын нақты орыс дей алмаймыз. Себебі, оның қанында бес ұлттың қаны бар. Ол орыс, украин, түрік, еврей және беларусь. Алғаш рет екеуі университетте танысқан. Екі жылдан кейін отау құрған. Жас жұбайлардың әзірге балалары жоқ.

Әділ және Любовь / instagram.com/mukhanova_lyubaӘділ және Любовь / instagram.com/mukhanova_lyuba
Әділ және Любовь / instagram.com/mukhanova_lyuba

Ал бұл келіннің есімі Любовь Мұханова. Ұлты — орыс. Орыс қыздың қазақшасы судай. Любовь TikTok желісінде аса танымал. Әділ орыс қызды бір көргенде сұлулығына көзі түсіп, ғашық болады. Екеуі бірнеше жыл қыз бен жігіт ретінде араласып жүреді. Кейін қазақ жігіті 18 жасқа толған Любовьты алып қашады. Орыс келін қазір қазақ тілі мен салт-дәстүрді үйреніп жүр. Әрбір үйренген ісін әлеуметтік желіде бөлісіп отырады.

Ануар мен Юлия / Жеке мұрағаттан алынған фотоАнуар мен Юлия / Жеке мұрағаттан алынған фото
Ануар мен Юлия / Жеке мұрағаттан алынған фото

Бұл Юлия есімді қазақ келіні. Ұлты — орыс. Юлия қазақтың келіні болғанына мақтанады. Қазір Ануар мен Юлия Павлодар қаласында тұрады. Қазақ жігіті "махаббат ұлтқа қарамайды" деген қағиданы берік ұстанады. Юлия қазақ тілін жақсы түсінгенімен, сөйлей алмайды. Бірақ мемлекеттік тілді үйреніп жатыр. Бүгінде балаларына қос тілде тәрбие беріп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров