Утилизациялық алым

Утилизациялық алымның көлемі 50 пайызға төмендейтін болды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

elements.envato.com

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Утилизациялық алымның мөлшері автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін 50 пайызға төмендетіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Роман Склярдың айтуынша, "ӨКМ операторынан" қалған 100 миллиард теңге Қазақстанда құрастырылған көліктерді несиемен алуға бағытталады. Несие шарты келесідей: бастапқы жарна болмайды, жылдық пайыз 4 пайыз және несие уақыты — 7 жыл. Ал тағы 30 миллиард теңге автобус паркін жаңартуға жұмсалмақ.

Біз бұған дейін осы аталған бағдарлама бойынша көлікті арзан несиемен қалай алуға болатыны туралы жазған едік.

Бұған дейін Үкімет утилизациялық алымды мемлекеттік "Жасыл даму" ұйымына берген еді.

Сонымен қатар ЭК "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның басқарушы директоры болған Руслан Шәмшиевтің қайтыс болағаны туралы хабарлаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров