Криптовалюта

Шымкент қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталды (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін майнинг қызметімен айналысатын тұлғаларды анықтады.

Тінту кезінде цифрлық криптовалюта өндірумен айналысатын ASIC майнингінің 360 бірлігі табылған, деп хабарлайды Экспресс К өңірлік ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 контейнерге орнатылған заңсыз майнинг жабдықтары тәркіленіп, іс тергеуге жіберілген.

Өзге мәліметтер ҚК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров