Ресей

Путин Донбасқа әскер кіргізді (видео)

Экспресс К

©AP/Alexei NIKOLSKY

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жолдады.

Ол өз үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Владимир Путиннің айтуынша, Украинадағы жағдай шешуші әрі жедел әрекет етуді талап етіп отыр.

"Донбас Халық республикалары Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды Жиналыс бекіткен Донецк және Луганск облыстарымен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін мен арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдадым", — деді Путин.

Кей БАҚ-тың мәліметінше, Киев пен Харьков қалаларында жойқын жарылыстар болып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров