Украина

НАТО қорғаныс жоспарын іске қосуға шешім қабылдады

Экспресс К

© Gatis INDREVICS

Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) одақтастардың қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында шешім қабылдады.

Ұйым альянстың шығыс бөлігіне қосымша күш орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

ТАСС ақпарат агенттігі мұндай шешімнің қабылданғанын ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдегенін жазды. Хабарламада НАТО Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты альянстың шығыс бөлігінде қосымша құрлық, әуе және теңіз күштерін орналастыруға шешім қабылдағаны айтылады.

"Ресей әрекеті еуроатлантикалық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіреді және геостратегиялық салдарға соқтырады. Сондықтан НАТО барлық одақтастардың қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады. Біз альянстың шығыс бөлігінде қосымша қорғаныс құрлық және әуе күштерін, сондай-ақ қосымша теңіз күштерін орналастырамыз. Әрі кез-келген күтпеген жағдайға дайындығын арттырдық", — дейді Столнберг.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров