Шоу-бизнес

Продюсер Айдарбекова ұлы мен келінінің ажырасуы туралы: "Естерін жияр"

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

instagram

Отандық хитмен Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлы ажырасып кетті деген сұраққа пікір білдірді. Оның айтуынша, ұлы мен келінінің арасына іріткі салушылар түскен. Сонымен қатар, кей адамдар ене мен келін арасына да от салып, айтақтап отыр екен.

Бұл туралы продюсер Instagram оқырмандары қойған сұраққа жауап беру кезінде жазды және әншінің анасы ұлы мен келіні ақылға келіп, қайта қосылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Гүлзира Айдарбекова ұлы 33 жасқа толған туған күнін Мальдив аралында атап өткен сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда отандық жұлдыз Қайрат Нұртас туыстары және достарымен көңіл көтергенін көруге болады. Алайда продюсердің оқырмандарды бұл қуанышты күнде әншінің қасында балалары мен жары Жұлдыз Әбдукәрімованың болмағанын сынға алды. Енді бірі ұлы мен келінінің бақытты болғанын қалайтындарын айтып, тілектерін жаудырды. Олардың пікіріне жауап қалдырған продюсер Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ренжісіп жүргенін жоққа шығармады.

Видеодан кадр

"Мен Жұлдызды сізден де артық жақсы көремін. Алғашқы қызығым, төрт немеремнің анасы, ұлымның титтейінен сүйіп алған жары. Кейде кейбіреулердің азғыруы себеп болды ма деп ойлаймын. Байқасаңыз, адамды өзгертпеуіне қоймай жаза беретіндер, өзінің жағдайы мәз емес бола тұра ақыл айтқыштар, енесіне келінін, келініне енесін не күйеуін жамандап, от үрлейтін азғырушылар көп қой. Төрт бүлдіршінн бағына қарай естерін жияр. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр", — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

instagram.com/gulziraaidarbekova

Тағы бір оқырман Қайрат Нұртасты туған күнімен арнайы құттықтап келген "Ерке Есмахан Жұлдыздың орнын басамын ба деп жүрген шығар" деген пікірін қалдырды.

instagram.com/gulziraaidarbekova

"Керегі не осындай қара пиғылдың?.. Ерке Қайратпен де, Жұлдызбен де дос. Отбасымызбен араласады. Әйтеуір өсек айту керек екен деп даурығудың жөні болу керек қой. Қайрат өз отбасын ешкімге ауыстырайын деп жатқан жоқ. Ренжісіп жүрген бүкіл Қазақстанда Қайрат пен Жұлдыз болса да...", "...Қайрат та, Жұлдыз да жаман емес, араларына жалмауыздар түсіп, жалмады... Сендер ойлағандай тоқалы да жоқ. Енді ойламаса, осы күнге дейін тоқал алу миына да кіріп шыққан емес", — деп жазды продюсер.

instagram.com/gulziraaidarbekova

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров