Қаңғыбас иттер

Ақтөбеде ашуға булыққан ер адам итті қылғындырды (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ашуға булыққан ер адамның итті қылғындырып жатқан видеосы пайда болды.

Бейнежазба aktobe_zello парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода әбден ашуға булыққан жігіт иттің мойынынан қылғындыра ұстап "өлтіріп тастаймын", "қай жерін тістеп алды" деп айқайлайды. Бейнежазбада "баланы ит қауып алды" деген әйел адамның да дауысы шығады. Ашуға міген жігіт итті сүйреп жүр, әрлі-берлі лақтырады.

Видеоның астына жануарларға озбырлық көрсетіп жатқаны жазылған. Ер адамның бұл әрекеті жануарларды қорғау ережесіне сай еместігі, егер ит тістеп алса, уәкілетті органға хабарласау керектігі айтылған.

Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі жітіттің әрекетін қолдаған. Бірі "бастарыңа келсе не істейсіңдер? Баламды тістесе мен де өлтірем", "дұрыс істедің бауырым", "ит иттігін істейді, өлтіру керек", "баланың мойнынан тістеп алса не болады" десе, енді бірі қаңғыбас иттерді қалада қаптап кеткенін айтқан. Ал жануарлардың жанашырлары итті бұлай қорлауға болмайтынын айтып, пікір қалдырған.

Ақтөбеде соңғы уақытта қаңғыбас иттердің қаптап кеткені рас. Экспресс К бұған дейін тал түсте 23 жастағы жігітті ит талап кеткенін, баланы қауып алғанын жазған еді. Облыстың аудандарында да қаңғыбас иттер көбейген. Осыған дейін Байғанин ауданында иттердің малды талап өлтіріп жатқанын жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров