Жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Саят Медеуовтің жағдайы белгілі болды

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/sayat_medeuov_888

Танымал әнші Саят Медеуовтің жамбасына Талдықорған қалалық ауруханасында екінші операция жасалды.

Бұл туралы өнер иесінің досы әрі белгілі сазгер Ербол Спанәлиев Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ерболдың айтуынша, Саят отырған көлік Талдықорғанға жете бергенде жол апатына ұшыраған. Мәшинаны әншінің жиені тізгіндеген. Жүргізуші жиені жолда ұйықтап кетіпті. Жол апатынан Саяттың қабырғасы мен жамбасы қатты сынған.

instagram.com/erbol_spanalievinstagram.com/erbol_spanaliev
instagram.com/erbol_spanaliev

"Кеше дәрігерлер Саяттың жамбасына екінші операция жасады. Операция сәтті өтті. Қазір Саяттың жағдайы жақсы. Ол жансақтау бөлімінен травматологияға ауысты. Қазір әншінің әйел, бала-шағасы қасында жүр. Саяттың сөйлесуге мүмкіндігі бар. Кеше кешке хабарластым", — дейді досы Ербол Спанәлиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров