Жүк көлігі

Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Уақытша шектеу көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін енгізіліп отыр

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", — делінген хабарламада.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шектеу 23 наурыздан 1 мамырға дейін шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізілмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров