GGG

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Ержан ШАЙЖАН

©AP/John LOCHER

Қазақстандық Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) келісім-шартқа отырды. Жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған.

Шешуші айқас Лас-Вегаста өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.

USA Today Sports басылымының жазуынша, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин мен орта салмақтағы әлем чемпионы Альварестің арасындағы жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған. Екі тарап үшінші жекпе-жек өтуізге келісім-шартқа отырды. Бұл — екі боксшының арасындағы шешуші айқас.

Головкин мен Канело арасындағы бірінші кездесу тең аяқталған еді. Ал екінші жекпе-жекте GGG мексикалыққа есе жіберген болатын. Спорт сарапшылары Головкин-Канело үшінші жекпе-жегі нокаутпен аяқталатынын болжап отыр.

Трилогияға дейін екі боксшы да көктемгі жекпе-жектерінде жеңіске жетуі керек. Головкин сәуірде WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы жапониялық суперчемпион Риота Муратамен (16-2, 13 КО), ал "Канело" мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен (19 -0, 11 КО) жұдырықтасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров