Туризм

Қазақстандықтар шет елге арзан бағамен қыдыратын болды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Pixabay

Бірқатар отандық компаниялар Түркия, Мысыр, Шри-Ланка және Мальдив аралдарындағы қонақ үйлерге орналасуға жеңілдіктер енгізген.

Бұрынғы бағалармен салыстырғанда қазір осы елдерге саяхаттап бару 40 пайызға дейін арзандады, деп хабарлайды Экспресс К

Tengritravel.kz хабарлауынша, қазіргі аласапыран уақытта шет елге шығып, демалатын адамдардың саны азайған. Соған байланысты туристерді қабылдаушы компаниялар мен қонақ үйлер арзандатылған бағамен қызмет көрсете бастады. Нәтижесінде наурыз айында шетелге шығу құны әжептеуір арзандап отыр.

Қазір көп адам саяхаттауға қорқады. Сондықтан нарықтағы баға төмендеп кетті. Әсіресе, қонақ үйге орналасуға біраз жеңілдіктер бар,

— дейді туристік компания басшысы Салтанат Омарова

Осының арқасында шет елге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтардың саны артқан көрінеді. Мамандар, әсіресе, жаз мезгілінде туристер легі көбейеді деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров