Көлік

Елімізде ресейлік көліктер жаппай тіркеуге алынып жатыр ма? ІІМ жауап берді

Есен ҮРКІМБАЙ

©ЭК

Ресейлік нөмірмен жүрген көліктер елімізде утилизациялық алымсыз тіркеуге алынып жатыр-мыс. Біз осының анық-қанығын білуге тырыстық.

Ресейде тіркеуде тұрған көліктерді елімізде төмен бағаға рәсімдеп жатқанын баяндайтын бейнежазба тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ресей нөмірлерін арзан бағаға рәсімдеуге рұқсат беріпті. Ресейде тіркеуде тұрған көліктерді 102 мың теңгеге тіркеуге болады", — дейді видеода кадрден тыс сөйлеп тұрған адам.

Оның айтуынша, көрші елден сатып алған көлікке еліміздің нөмірін алу өте арзандап кеткен көрінеді. Алайда Ішкі істер министрлігіндегілер бұл ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар бір ауыз сөзден артыққа бармады.

Мұндай ақпараттардың барлығы шындыққа жанаспайды,

— деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Алайда шетелден арзан бағаға көлік әкеліп, оны тіркеудің қымбаттығын айтып жүргендер әлі де рәсімдеу құнының төмендейтіндігінінен үмітті.

Экспресс К осыған дейін еліміздегі утилизациялық алымның 50 пайызға төмендегенін жазған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров