Қазақстан

Тоқаев Путинге Украинамен келісімге келудің аса маңызды екенін айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен экономика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет басшысы Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті,

— делінген хабарламада.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейін батыс елдері тарапынан солтүстік көршімізге санкциялар күшейіп жатыр. Бұған дейін Путинге салынған санкция Ресейге қаншалықты қауіп төндіретінін жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров