Роман Абрамович

Ресей олигархы Абрамович "Челси" клубынан түскен ақшаны Украинаға жібермек

Олжас НҰРЖАҚЫП

©AP/Matt DUNHAM

Ресей миллиардері Роман Абрамович "Челси" футбол клубын сатылымға шығарды. Бастапқы баға 4 миллиард фунт стерлинг. Бұл долларға айналдырғанда 5 миллиардтан асып жығылады.

Түскен қаржыны миллиардер Украинаға жібермек, деп хабарлайды Экспресс К.

Ресей олигархы Роман Абрамович мемлекетке салынған санкциялардан кейін Ұлыбританиядағы футбол клубын сатылымға шығарды. Мұндай ойын ол аталған футбол клубының ресми сайтында жазған. Бастапқы баға 4 миллиард фунт стерлинг. Ал, сатылымнан түскен қаржы қайырымдылық қорына аударылып, одан әрі Украинадағы соғыс құрбандарына көмектесуге, жапа шеккендердің шұғыл қажеттілігін өтеуге берілмек.

"Мен ылғи өзім иелік еткен клубтың пайдасына сай шешім қабылдауға тырыстым. Осы жолы да дәл сондай шешімге келіп отырмын. Қазіргідей жағдайда клуб ойыншыларының, мүшелері мен демеушілердің, жанкүйерлердің мүддесі басты орында тұруы тиіс. Әрине, түскен қаржыға қайырымдылық қор құруды тапсырдым. Сол арқылы ақша Украинадағы жапа шеккен жандарға қажеттіліктерін өтеу үшін көмек ретінде беріледі", — деп жазған миллиардер.

Сонымен қатар, ол жазбасында клуб ұжымымен қоштасуға соңғы рет Лондондағы Стэмфорд Бридж стадионына баруға үмітті екенін де қоса кеткен.

БАҚ көздерінде сатылымға шыққан лондондық клубты алуға ниеттілердің тізімі де жарияланып үлгеріпті. Болжам бойынша Абрамовичтің клубын америкалық банк иелігіне алуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров