Әйел

16 келілік кір тасын қазақ әйелі 100 рет көтерді (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Мерекелік жиында салмағы 16 келі тартатын кір тасын төбесіне 100 рет көтерген әйел көпті таң қалдырды.

Күші көп келіншектің кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазба интернетте қызу талқыланып жатыр. Онда жас әйел кір тасын еш қиындықсыз төбесіне көтереді. Ол оң қолымен 100 мәрте көтеріп, кейін тасты жерге тастайды. Ал жиынға келгендер оған қошеметтеп, құрмет көрсетіп жатыр.

Бейнежазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Келіншектің әрекетіне әсіресе ерлер қауымы таң қалып, пікір қалдырып жатыр.

"Еркек басымызбен біз өйте алмаймыз-ау", "Олимпиадаға осы әйелді жіберу керек", "Масқара! Мен 20 рет те көтере алмаймын", "Күшті әйел екен", "Күйеуі де палуан біреу шығар", "Қажымұқан туатын осындай аналар",

— деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров