Қару

Мылтық ұстаған әкім бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Хафиз Ахметов / Видеодан кадр

Куәгерлер оның жанармай бекетінде ит атып жүргенін көрген. Аталған оқиғаға қатысты Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Мылтық ұстаған ер адам — Батыс Қазақстанда облысының Тасқала ауданына қарасты Достық ауылдық окрігінің әкімі, Хафиз Ахметов екені анықталды. Оқиға Орал-Саратов тас жолы бойындағы жанармай құю бекетінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба әлеуметтік желіге таралып кетті. Оған көпшілік пікір қалдырып жатыр.

Тапа-тал түсте ит атқаны несі? Оларды сол жердегілер тамақтандырады, соған үйреніп қалған. Қаңғыған ит болса да, адамға тиіспейді,

— деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал әкімнің өзі иесіз иттер адамға қауіпті екенін айтады.

Жанармай құю бекетіндегілерге қаншама айттық. Бірақ ешқандай шара қолданбады,

— дейді Хафиз Ахметов.

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

"Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде 1966 жылы туған азамат жанармай құю бекетінде пневматикалық мылтықпен қаңғыбас иттерге екі рет оқ атқан. Алайда, көру қабілеті нашар болғандықтан, тигізе алмаған. Сот процесінде иттердің шынымен қаңғыбас екені анықталды. Аталған дерек Тасқала ауданының Полиция бөлімінде тіркелген", — деді ПБ баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров