Трансгендер

"Дауысы жағымсыз". Атышулы трансгендер ән айтты (видео)

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Көпке танымал трансгендер Амилайдың караокеде ән айтқаны әлеуметтік желіде тарады.

Ол Ернар Айдардың "Күнім сен сөнбеші" әнін орындаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Не ән ырғағы, не дауыс жоқ. Ән айтып тұрып, жоғарғы ноталар тұсына келгенде қарқылдап күліп әлеужеліде мазақ болды.

Ал желі қолданушылары "Әдемі әнді сонша қорлағаны несі?" , "Дауысы неткен жағымсыз"- деп Амилайды сынап тастады.

Бұған дейін Амилайдың өзін екіқабатпын деп құрбысын сендіргенін жариялаған едік. Сондай-ақ трансгендерлердің желіде бір-бірімен керісіп қалғанын жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров