Ақтөбе

Ақтөбе әуежайы күрделі жөндеуге жабыла ма?

Кәмшат ҚОПАЕВА

Ақтөбе әуежайы

Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары бүлінген. Осыдан кейін әуежай күрделі жөндеуге жабылуы мүмкін деген ақпарат шықты.

Ондай ақпаратты журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Журналистің мәліметінше, ақпан айының соңында Ақтөбеге ұшатын SCAT әуе компаниясының екі ұшағына ұшу-қону кезінде зақым келген. Осыдан кейін астанадан Ақтөбеге комиссия барып, жолақтың бүлінгенін анықтаған көрінеді. Журналист азаматтық авиация комитеті Ақтөбе әуежайын күрделі жөндеуге жабу мәселесін қарастырып жатқанын жазған. Сондай-ақ шұрық-тесік жолақтардың суретін салған.

telegramtelegram
telegram

Аталған мәселенің анық-қанығын білу үшін Ақтөбе халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Дастан Малиевке хабарластық.

Оның айтуынша, бұндай ақпарат БАҚ-та 25 ақпанда шыққан. Ақтөбе әуежайынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшатын SCAT әуе компаниясына тиесілі DV722 және DV712 рейстерінің зақымдалғаны туралы ақпарат тарайды. Кейін 4 наурызда бұған Ақтөбе әуежайының бүлінген ұшып-қону жолағы себеп болғаны жазылады.

telegramtelegram
telegram

Ал әуежайдың ұшып-қону жолағының суреттері 26 ақпанда түсірілген. Қазіргі таңда жолақтың бүлінген жерлері қайта қалпына келтірілген. Дастан Малиев SCAT әуе компаниясының әуе кемелері дәл Ақтөбе әуежайында бүлінгеніне дәлел жоқ деп отыр. Яғни ол Козачковтың осы тұрғыдағы сөзін теріске шығарып отыр. Малиевтің айтуынша, ешқандай тексеру жүргізілмеген.

Ал 25 ақпанда SCAT әуе компаниясының әуе кемелері қонғанға дейін де, ұшқаннан кейін де басқа әуе компанияларының рейстері орындалған. Аталған компанияның қызметкерлері Ақтөбеге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшақтар келгеннен кейін тексеру жүргізіп, ешқандай зақым таппаған.

Әуежайдың ұшу-қону жолағы азаматтық авиациясының әуе айлақтарын пайдалану нормаларына сәйкес келеді. Әуежайдың жасанды жабындысы ауа температурасы өзгерсе, бұзылуға бейім. Сондықтан әуежайда жолақтарды жөндеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі,

— деді Дастан Малиев.

telegramtelegram
telegram

Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты толық жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, ағымдағы жөндеу, тексеру жұмысы күн сайын жүргізіледі. Осы мақсатта қорда 2 тонна қоспа бар. Күн райы жақсарғаннан кейін әуеайлақ плиталары ауыстырылып, ұшу-қону жолақтары толық жөнделмек. Дастан Малиевтың мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмысы жүргізілсе де әуежай жабылмайды. Себебі әуеайлақ плиталары түнде ауыстырылады. Ұшу рейстеріне кедергі келтірмейді.

Дастан Малиевтың мәліметінше, өткен жылдармен салыстырғанда ұшу-қону жолағының жағдайы жақсы. Былтыр 8 мың метр жабынды жөнделген. 228 ПАГ-18 әуеайлақ тақтайлашары сатып алынып, ауыстырылған. Сонымен бірге 60 тонна қоспа ұшу-қону жолағы, такси жолы мен перронды жөндеуге кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров