Шоу-бизнес
Димаш Құдайберген Ресейде өтетін концертке қатыспайтын болды


instagram.com/kudaibergenov.dimash
Концерт 6-7 наурызда Кремль сарайында "Будьте счастливы всегда" деп аталатын шоу-концерт өтеді.
Әнші Димаш Құдайберген бұл концертке қатыспайтын болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Мемлекеттік Кремль сарайының Telegram желісі жазды. "Будьте счастливы всегда" шоу-концертіне Димаштан өзге ресейлік сазгер Игорь Крутой мен әнші Стас Михайлов та өнер көрсетпейді. Алайда нақты себебі жазылмаған.


instagram.com/kudaibergenov.dimash
Игорь Крутой, Димаш Құдайберген және Стас Михайлов концертте өнер көрсетпейді,
Экспресс К бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Қазақстанның жыл артисі" аталымын жеңіп алғанын жазған. Бұл аталымға үміткерлер қатарында диджей Иманбек, хип-хоп орындаушысы "The Limba", "Ирина Қайратовна" тобы, әзілкеш Сәуле Юсупова, әртіс Евгений Чебатков, Ninety One тобы және әнші Yenlik болғанын айта кетейік.
Бөлісу